ТМД Байқаушылар миссиясының басшысы Виктор Бондарев Қазақстандағы сайлаудың ұйымдастырушылық жұмысына жоғары баға берді.
Түске дейін ол бес сайлау учаскесін аралап шыққан. «Сайлау науқанындағы белсенділігімен халық бұл процеске қызығушылық танытатынын көрсетеді», – деді халықаралық байқаушы.
Виктор Бондарев, ТМД Бақылаушылары миссиясының басшысы:
– Санитарлық талаптардың сақталуын қатаң қадағалап жатыр. Дауыс берушілердің барлығы маскамен жүр. Егер бетпердесі болмаса, сайлау учаскелерінен беріледі. Одан бөлек, медициналық қолғаптарды да таратып жатыр. Адамдар арасында арақашықтық сақталған.