Жергілікті байқаушылар сайлауда заңбұзушылыққа жол бермейді – сарапшы

Жергілікті байқаушылар сайлауда заңбұзушылыққа жол бермейді.

Эстониядан келген халықаралық байқаушылар осындай пікірде. Олар елордада 5 сайлау учаскесін аралап, дауыс берушілермен, сайлау комиссиясының мүшелерімен және байқаушылармен сөйлескен. Барлығы өз міндетін нақты біледі және жауаппен қарайтынына көз жеткізген. Сондай-ақ халықтың белсендігіне таң қалып отырғанын жасармады.

Михаил Корб, халықаралық байқаушы (Эстония):

- Эстонияда халықтың 30%-і таңдауын электронды түрде жасайды. Сондай-ақ сайлау учаскелерінің көбін сауда ойын-сауық орталықтарының ішінен ашамыз. Өйткені халық дауыс беру үшін арнайы нысанға барғысы келмейді. Ал Қазақстанда халық азаматтық таңдау жасауда белсенділік танытып жатыр. Бұл тұрғындардың ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Азаматтар саналы түрде таңдау жасап жатқанда заңбұзушылық болмайды деп сенеміз.