Сайлауда әйелдер мен жастардың үлесін арттыруға басымдық берілгені байқалады – Т.Мариани

Қазақстан – Орталық Азиядағы экономикалық және демократиялық тұрғыдан ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекет.

Бірақ кемшілікті кез келген елден табуға болады. Дамушы елдерге үлгі деуге болады. Бүгінгі сайлау соның дәлелі деді Франциядан келген халықаралық байқаушы Тьерри Мариани.

Айтуынша, әлемдегі эпидемиалогиялық жағдайға қарамай Қазақстан сайлауды өте жоғары деңгейде ұйымдастырған. Сондай-ақ Еуропарламент депутаты елдегі саяси реформаларға тоқталып өтті. 

Тьерри Мариани, халықаралық байқаушы (Франция):

- Қазақстанда гендірлік теңдік бар. Осы сайлауда әйелдер мен жастардың үлесін арттыруға басымдық берілгені байқалады. Францияда биліктегі әйелдердің үлесін ерлермен теңестіруге тырысқанымен межеге жете алмай келеміз. Осы жағынан алғанда Қазақстанда қозғалыс бар. Жалпы 30 жылда ел өте қарқынды дамыды. Әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға қарамай сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастыруы осыған дәлел. Біз аралаған сайлау учаскелерінде ешқандай өрескел жағдай тіркелген жоқ.