Бельгиядағы қазақстандықтар Брюссельдегі елшілікте дауыс берді

Бельгияда тұрып жатқан Қазақстан азаматтарының да бүгін өз таңдауын жасауға мүмкіндіктері бар. Олар Брюссель қаласындағы елшілігімізде орналасқан №241 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. 

Жанат Эрнст, тілші:

- Брюссель қаласында дауыс беру сағат таңғы жетіде елшілігіміздегі сайлау учаскесінде басталып кетті. Мұнда Бельгия Корольдігінде оқитын қазақстандық студенттер, дипломаттарымыз бен олардың туыстары және Бельгияда тұрып жатқан қазақстандықтар өз таңдауын жасайды. Қазір менің қасымда номері 241-ші сайлау учаскесінің төрағасы  Ерболат Сембаев тұр. Ол сайлау қалай өтіп жатқаны туралы айтып береді.

Ерболат Сембаев, Брюссель қаласындағы №241 сайлау учаскесінің төрағасы: 

- Бүгінгі сайлаудың басты ерекшелігі – әрине пандемияға байланысты. Пандемияға байланысты орталықтан бізге деректер келіп, сол деректер бойынша учаскесін ашып, дайындап қойып, бүгін міне сайлау өткізіп жатырмыз. Әлеуметтік арақашықтық сақтау, санитайзерлерді қолдану, сайлаушыларымызғы ыңғайлы болсын деп, осының бәрін дайындап қойдық. Біздің тізіміміз бойынша 204 сайлаушы. Бірақ енді белгілі жағдайға, мына пандемияға байланысты қаншасы келетінін әзірше айта алмаймыз. Бірақ енді азаматтық белсенділігін білдіреді деген сенімдеміз. 

Жанат Эрнст, тілші:

- Брюссель қаласындағы сайлау учаскесі сағат кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін азаматтарымыздың өз таңдауын жасауға мүмкіндіктері болады.