Қазір сайлау өткізу бұрынғыдан әлдеқайда қиын – Шетелдік байқаушы

Қазақстан парламент сайлауын карантин жағдайында өткізіп жатыр. Яғни бұл науқанды ұйымдастыру әдеттегіден екі есе қиын.

Десе де, Қазақстан кәсіби және техникалық тұрғыда жақсы дайындалған. Халықаралық байқаушы ретінде келген Бундестаг депутаты Урс Ункауф осындай пікірде. Сайлау бөлімшесінде дауыс беруге келгендерге де, байқаушыларға да, комиссия мүшелеріне де қолайлы жағдай жасалған дейді ол. 

Урс Ункауф, халықаралық байқаушы (Германия):

- Мен орыс тілін аздап түсінемін. Сайлау учаскелерін аралау кезінде бұл жақсы көмек болды. Ондағы жол нұсқайтын белгілерде кімнің қайда барып, қалай дауыс беретіні рет-ретімен көрсетіліп тұр. Жеке өз басым сайлауда қандайда бір заң бұзушылық болғанын байқамадым. Барлығы халықаралық және жергілікті заң талаптарына сай өтіп жатыр.