Сайлаушылардың 63,1 проценті дауыс берді – ОСК

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы сайлаушылардың 63,1 проценті дауыс берді.

Сағат айырмашылығы бар Батыс өңірінде де сайлау аяқталды. Ол аймақтан соңғы ақпарат енді келеді. Сағат 20 00-дегі жағдай бойынша, ең жоғарғы көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Мұнда сайлаушылардың 75,5 проценті өз таңдауын жасаған. Қалалардың ішінде Шымкент көш бастап тұр. Сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берген. Алматылықтардың белсенділігі төмен болды. Шаһардағы сайлаушылардың небәрі 30,3 проценті таңдау жасаған.

Сондай-ақ...