Қазақстандағы қырғыз азаматтары үшін екі сайлау учаскесі жұмыс істеді

Қазақстанда тұратын немесе қызмет ететін қырғыз азаматтары үшін елімізде екі сайлау учаскесі жұмыс істеді. Олар бас шаһардағы елшілік пен Алматыдағы бас консулдық ғимараты.

Қазір ел бойынша барлығы 4 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Оның ішінде мың жарымға жуығы Нұр-Сұлтан қаласында. Дауыс беру елорда уақыты бойынша кешкі сағат сегізде аяқталды.

Еске сала кеткен жөн, бүгін қырғыз елінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау және басқару жүйесі бойынша референдум өтіп жатыр.

Чынгыз Кустебаев, Қырғызстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің екінші хатшысы:

- Қырғызстан Республикасының заңына сай, өзге елде жүрген қырғыз азаматтары сайлаушылар тізіміне енуі үшін консулдық есепке тұрып, биометрифялы тіркеуден өтуі тиіс. Бұл міндетті талап. Қазір сайлау штаттық режимде өтуде. Осы науқанға президенттікке үміткерлердің байқаушылары мен сенімді өкілдері де қатысып жатыр.