421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлаушылардың 63,3 проценті дауыс берді – ОСК

  • 230
  • UPD: 23:25, 10.01.2021
Сайлаушылардың 63,3 проценті дауыс берді – ОСК

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы сайлаушылардың 63,3 проценті өз таңдауын жасады.

Батыс өңірден жеткен соңғы мәлімет көрсеткіштерді  айтарлықтай өзгерткен жоқ. Бүгінгі сайлауда Солтүстік Қазақстан облысының сайлаушылары белсенді болды. Мұнда сайлаушылардың 75,5 проценті өз таңдауын жасаған. Қалалардың ішінде Шымкент халқы сайлауға жауапкершілікпен қараған. Қалада сайлаушылардың басым бөлігі дауыс берген. Бұған дейін айтқанымыздай алматылықтардың белсенділігі төмен болды. Шаһардағы сайлаушылардың небәрі 30,3 проценті таңдау жасаған.

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары: 

- Ақмола облысы бойынша 72,8 процент, Ақтөбе облысы 58,8 процент, Алматы облысы 73,5 процент, Атырау облысы бойынша 56,4 процент, Шығыс Қазақстан өңірінде 72,4 процент, Жамбыл обылыснда 72,2 прцент, БҚО 62,4 процент, Қарағанды облысында 70,7 процент, Қостанай облысы 71,8, Қызылорда облысы 73,9 процент, Маңғыстау 55 процент, Павлодар облысында 71, 3 процент сайлаушы дауыс берді. 

Хабар 24 телеарнасы