Сайлау елдің саяси өміріне қалай әсер етеді?

Жастар мен әйелдер үшін 30 проценттік квотаның өзі биылғы саяси науқанды ерекшелендірді. Сайлау ел өміріне айрықша әсер етері анық. Мұны саясаттанушы Расул Жұмалы мәлімдеді.

Айтуынша, Парламент жаңарады. Сайлау коронавирусқа қарамастан еш кедергісіз өтті. Біз бұған үлкен дайындықпен келдік және абыроймен атқардық. Оны бүгінгі сайлауға барғандардың көрсеткішінен байқауға болады. Расул Жұмалы осылай деді.