Бірнеше әлеуметтік құрылымдар жүргізген Exit poll мәліметі қазақстандықтардың сайлауға қатысқан партиялардың қайсына сенім артатынын айқын көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сайлауға қатысты пікірін саясаттанушы Андрей Чебатырёв осылай деп білдірді. Алайда бұл тек Exit poll нәтижесі екенін ескеру керек. Парламенттік және жергілікті сайлаудың ресми қорытындысы әлі айтылған жоқ. Бес партияның әрқайсы әр түрлі деңгейдегі мәслихаттарда ұсынылуы мүмкін дейді саясаттанушы.
Андрей Чебатырёв, саясаттанушы:
– Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары өз жемісін бергенін көріп тұрмыз. Осыған орай қазақстандықтардың дені таңдауды 3 партияға жасады. Қоғамды толғандырған мәселелерді дөп басып, мемлекеттік органдарымен тиімді байланыс орната білген саяси ұйымдар ең көп дауыс жинайтыны туралы болжамым айдай келді. Яғни мемлекеттік билік пен басқару жүйесінің жұмысын жақсартуға деген сұраныс жоғары. Сондықтан партиялардың сайлауалды бағдарламасына енген кейбір мәселелер ерекше рөл атқарған сыңайлы.