Қазақстанда саяси өзгерістер әлі жалғасады – сарапшы

Парламентке өте алмай қалған партиялар үшін әлі де мүмкіндік бар. Өйткені олар өңірлерде мәслихатқа кіріп, сол жақта өзін көрсете алады.

Парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындыларын талқылауға жиналған сарапшылар осындай пікір білдірді. Енді мәслихатта өзекті мәселелер көтеріліп, жұмыс жанданады. Себебі бұрын депутаттар жеке өзі жұмыс істесе, енді оның артында үлкен саяси ұйым бар. Сондықтан көтеретін мәселе де, атқарылатын шаруаның да ауқымы кеңейеді.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:

- Біз әлі аймақтағы нәтижені білмейміз. Себебі бізде пропорционалдық жүйе болғаннан кейін мәслихатта өте үлкен бәсеке. Кеше сайлау аяқталғанымен, саяси процесс әлі тоқтамайды. Яғни, бізде таяуда Үкімет өз өкілеттілігін тоқтатады. Бұл заң бойынша. Сонымен қатар заң бойынша 12 қаңтардан кеш емес, мәслихаттардың барлығы мәліметтерін беруі керек. 2020 жылы болған саяси реформа тағы да жалғасын табады. Яғни, тағы да мәлімдеме жасалады осы аптада. Осы аптада жаңа Парламентке жаңа мақсаттар қойылады.