421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дауыс беру тиісті деңгейде өтті – Бигелді Ғабдуллин

  • 117
  • UPD: 20:48, 11.01.2021

Кешегі өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауында бірнеше ұсақ заң бұзушылықтар тіркелген.

Бұл туралы «Taza sailau» тәуелсіз байқаушылар азаматтық қозғалысының өкілдері хабарлады. Атап айтқанда, кабинаға екі адамның кіруі, отбасы мүшелері үшін бір адамның келіп дауыс беруі сияқты жағдайлар орын алған. Тәуелсіз байқаушылар осындай заңға қайшы әрекеттерді тіркеп тиісті акт толтырған.

Айта кетейік, кешегі өткен сайлауда «Taza sailau» қозғалысының 5 мың байқаушысы 25 қалада болып, 3138 сайлау уаскесіндегі дауыс беру барысын бақылаған. Осылайша, олар еліміздегі барлық сайлау учаскесінің үштен бірін қамтыған. «Қазақ ПЕН клубының» басшысы Бигелді Ғабдуллиннің айтуынша, дауыс беру тиісті деңгейде өтті.

Бигелді Ғабдуллин, «Қазақ ПЕН клубының» басшысы:

- Біздің және халықаралық бақылаушылардың пікірінше эпидемиологиялық жағдайға қарамастан дауыс беру тиісті деңгейде өтті. Және өрескел бұзушылықтар анықталмады. 001208 Кейбір ауылдық жерде, аудандық жерде учаскелер болады ғой, сонда 12 адамға ғана орын беріпті. Мысалы бір жерде 9 адам. Кім таңертең бірінші келді, солар орынды алып алыпты. Біз оны жаздық.

Хабар 24 телеарнасы