Сайлау 2021: бес партиядан 3258 үміткерге депутаттық мандат табысталады

Елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депуттары анықталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлауға қатысқан бес партиядан 3258 үміткерге депутаттық мандат табысталады. Бүгін орталық комиссия төрағасы Берік Имашев аймақтық сайлау комиссиясының өкілдерін онлайн режимде тыңдады. Отырысқа әр партияның өкілдері жиналған. Жалпы бес партия 7700-ден аса кандидат ұсынған. Тізімнің көбі «Nur Otan» партиясынан болса, ең аз үміткер «Ауылдан» тіркелген екен.