421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды

  • 600
  • UPD: 14:57, 13.01.2021

«Nur Otan» және «Ақ жол» партиялары атынан Мәжілісте болатын депутаттар тізімі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін саяси ұйым өкілдері депутаттық мандаттарды бөлді. Қос партия кандидаттар тізімін тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Жалпы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 70% жаңарды. Орташа жасы – 49, яғни 4 жылға жасарды. Тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 40 кандидат Саяси кеңес бюросының квотасы бойынша бекітілген. Сонымен қатар «Nur Otan» фракциясының жаңа құрамының 40% әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады. Депутаттыққа кандидаттардың жетеуі ғана – бұрынғы мемлекеттік қызметкер. Ал «Ақ жол» партиясынан Парламенттің төменгі палатасында 12 адам болады. Олардың жетеуі алғаш рет тізімге кірген.

Айта кетейік, Қазақстан халық партиясының мүшелері құжаттарын ертең тапсыруды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы