Айгүл Құспан Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі елшісі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айгүл Құспан қызметінен босаталды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды.