Мәжіліс Төрағасы төменгі палата депутаттарының жасырын дауыс беруі арқылы сайланады

Конституция бойынша Мәжіліс Төрағасы төменгі палата депутаттарының жасырын дауыс беруі арқылы сайланады.

Осылайша көп дауысқа ие болған кандидат Төраға болады. Ал Конституцияның 44-бабы 3-ші тармағына сәйкес Премьер-министрдің кандидатурасын Мәжіліс қарауына Президент ұсынады. Мұның алдында Мемлекет басшысы Парламенттің төменгі палатасында өкілдігі бар саяси партиялардың фракцияларымен конСуль-тация өткізеді. Мәжіліс келісімін берген соң Президент Премьер-министрді тағайындайды. Осыдан соң үкімет басшысы 10 күннің ішінде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгiзедi.