Президент Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы қабылдады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген қаулыда.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметі қандай жағдайда отставкаға кетуі мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.