Қазақстан Парламенті Мәжілісі VII шақырылымының комитеттері белгіленді

Қазақстан Парламенті Мәжілісі жетінші шақырылымының комитеттері белгіленді.

Заң бойынша Мәжілістің тұрақты комиттерінің саны жетеуден аспауы керек.

Алтыншы шақырылымда мынадай комитеттер жұмыс істеген:

Аграрлық мәселелер комитеті;

Әлеуметтік мәдени даму комитеті;

Заңнама және сот құқықтық реформа комитеті;

Қаржы және бюджет комитеті;

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;

Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті;

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті.

Жетінші шақырылымда да сол атаулар мен комитеттер өзгеріссіз қалды.