419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілістің тұрақты комитеттерінің төрағалары сайланды

  • 248
  • UPD: 15:22, 15.01.2021
Мәжілістің тұрақты комитеттерінің төрағалары сайланды

Парламенттік оппозиция мәселелері бойынша қабылданған заңнамаға сәйкес мәжілістің кем дегенді бір комитетінің төрағасы оппозициялық партиядан болуы керек.

Бүгін екі комитеттің яғни «Аграрлық мәселелер комитеті» мен «Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағалары оппозициялық фракциядан ұсынылды. Ал қалған бес комитетке «Нұр-Отан» фракциясынан түскен депуттатар төраға болды.

Осылайша Аграрлық мәселелер комитетіне «Ақ жол» партиясының өкілі Ерлан Барлыбаев, экология мәселелелрі және табиғатты пайдалану комитетіне Қазақстан халық партиясының өкілі Александр Милютин сайланды. Әлеуметтік мәдени даму комитетіне Жәмилә Нұрманбетова, заңнама және сот құқықтық реформа комитетіне Қанат Мусин, Қаржы және бюджет комитетіне Марат Құсайынов, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Айгүл Құспан, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне Алберт Рау төрағалық етеді. Сондай-ақ жиында комитет мүшелері және электрондық жүйенің қолданылауын бақылау жөніндегі уақытша комиссия мүшелері де сайланды.

Хабар 24 телеарнасы