417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тиімді жұмыс істейтін білікті басшы – Қ.Тоқаев А.Мамин туралы

  • 661
  • UPD: 21:29, 15.01.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Президент Үкімет басшысы лауазымына Асқар Маминді ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін де Премьер-министр болған Асқар Маминнің басшылық қабілеттерін жоғары бағалайтынын айтты. Арыстағы жарылыс, Мақтааралдағы су тасқыны және пандемиямен күрес сынды кезеңдерде өзін жақсы қырынан көрсетті деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Тиімді жұмыс істейтін білікті басшы. Әсіресе дағдарыс кезінде өз қызметін ойдағыдай атқарды. Арыста болған жарылыс кезінде, Мақтаралды су басқан уақытта, пандемиямен күресте тек жақсы жағынан көрсетті. Еңбекқор, талапшыл. Сондықтан осы кандидатураны ұсынамын.

Хабар 24 телеарнасы