Мадридтегі жарылыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ

Мадридтегі жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.

«Испания билігінің біздің дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, кешегі Мадридте болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ», – делінген мәліметте.

Естеріңізге салайық, Мадридтің орталығындағы Пуэрто де Толедо аумағында көп қабатты бір тұрғын үйде жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, оған газдың жылыстауы себеп. Салдарынан төрт адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған.