414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

  • 141
  • UPD: 10:41, 22.01.2021
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды primeminister.kz

Энергетика министрінің бұйрығымен Талғат Амангелдіұлы Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

1994-1996 жылдары – «Қарахан» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры. 

1997-1998 жылдары – Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.

1998 жылы – «Интерсистема» ЖШС президенті. 

1998-1999 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті. 

1999-2000 жылдары – Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы. 

2000 жылы – «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.

2000-2005 жылдары – «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жылдары – Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары – Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014-2016 жылдары – Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2016-2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 

2019 жылғы 8 сәуірден 2021 жылғы 19 қаңтарға дейін – ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

Хабар 24 телеарнасы