Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын уақтылы жүзеге асыру керек», - деді Елбасы.

Тұңғыш Президент экономиканы әртараптандыру жолында министрлікке зор жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс саласында 2020 жылы атқарылған жұмыстармен танысты.

«Өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өсім бар. Қара металлургия 4,1 түсті металлургия 2,8 машина құрастыру 16,3 және жеңіл өнеркәсіп 15 процентке алға жылжыды. Фармацевтика мен дайын металл өндірісі артты. Статистикалық мәліметтерге сай құрылыс бойынша физикалық көлем индексі 111 процентке тең. Мұндай ахуал елдің 16 аймағында да байқалды», - деді министрлік басшысы.

Сондай-ақ...