Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында қалада эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары мен құрылыс саласындағы жоспар баяндалды. Шаһар басшысының айтуынша, былтыр елордаға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Қаражат тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға жұмсалды. Білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй және инфрақұрылым саласындағы мәселелерге баса көңіл бөлінді.

«Сонымен қатар пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілді», - деді Алтай Көлгінов.