Президент: Басты мақсатымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсарту

Президент мемлекеттік органдардың әрбір шешімі экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс екенін айтты.

Яғни басты мақсат – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық рухты дамытудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар Президент тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту барысында артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді деді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін жаңа 800 мектеп салу жоспарда бар екенін айтты. Бұл жұмысқа қазірден кірісу керек деді Мемлекет басшысы. Осыған орай жауапты мекемелерге жыл соңына дейін 200 мектептің құрылысын аяқтауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір мектепке дейінгі 11 мың мекемеде 900 мың бүлдіршіннің тәрбиеленіп жатқанын айтты. 

Қ.Тоқаев жаппай вакциналауға қатысты тапсырма берді

А.Цой «қызыл аймақтағы» өңірлерді қосымша шаралар қабылдауға шақырды

Қазақстанда инфляция деңгейі 7,5%-ті құрады

Ел экономикасы қашан қалыпқа келеді?

Үкіметке шағын және орта бизнеске қолдау көрсету тапсырылды

ҚР Президенті: Жүз мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды

Мемлекет басшысы: Фармацевтика саласында монополияға жол берілмейді

Президент жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін айтты

Қазақстандықтардың 48 проценті ғана экологиялық жағдайға көңілі толады

Қ.Тоқаев бәсекелестікті дамытатын заң қабылдауды тапсырды