Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Атап өтейік, агенттік Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган саналады. Оған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша Қаржы министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріледі. Ал, Үкімет Президент Әкімшілігімен келісіп, Қаржы министрлігінің және тиісті ведомстволық бағыныстағы ұйымның штат санын қайта бөледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қаржылық мониторинг агенттігі құрылғанын хабарлаған болатынбыз.