Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы «2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Сондай-ақ Президент «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.