Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді

5 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшылары ЕАЭО аумағындағы арнайы қорғау және өтемақы шараларын қолдану тетіктерін талқылайды. Сонымен қатар үкіметаралық кеңес одаққа мүше елдердің теңіздегі өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту тұжырымдамасын қарастырады. Бұдан бөлек, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жұмысты үйлестіру тәртібін талқыға салады.

Жалпы, Қазақстанның ЕАЭО органдарына төрағалық ету жылында бес бағытқа басымдық берілмек. Олар: өнеркәсіптік кооперация, өзара саудадағы кедергілерді жою, трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтарды дамыту мен цифрландыру. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің айтуынша, Қазақстан Президентінің биылғы басымдықтарға қатысты жасаған үндеуі интеграцияның жаңа кезеңі болып саналады. 

Михаил Мясникович, ЕЭК алқасының төрағасы:

– Қазақстан Президенті үндеуінде баяндалған негізгі бес бағытқа тоқталар болсақ, олар өте орынды айтылған. Ол тек 2021 жылы ғана емес, болашақта да жұмыс істейтін жол картасы.