Елбасының қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің видеосы пайда болды

Жиында Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қарулы күштерді қайта жарақтандыру мен қорғаныс өнеркәсібін дамыту жоспарлары қаралды.

Жиынды ашқан Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы бүгінгі таңда басқа елдермен қатар Қазақстан да қауіпсіз ортаның сапалық өзгеру кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

Елбасының төрағалығымен өткен жиында екі мәселе қаралды. Бірі – 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы, екіншісі – қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту мен Қарулы күштерді қайта қаруландыру жоспары. Толығырақ мына сілтеме бойынша танысыңыздар.