423,91 504.32 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Реформаларды табысты жүзеге асырсақ, елге жасалған үлкен сый сол болмақ – Тоқаев

  • 345
  • UPD: 14:15, 05.02.2021

«Экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды табысты жүзеге асырсақ, елге жасаған ең үлкен сыйымыз сол болмақ».

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу дайындығы пысықталған жиында осылай деді. Президент атаулы дата қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарымен танысты.

Үкімет жоспарына сәйкес, 30 жылдықты мерекелеуге халықаралық және республикалық деңгейде 900-ден астам шара жоспарланып отыр. Егемендік жылдары қол жеткен жетістіктер шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталмақ. Бұл жайында еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі отандық медиа кеңістікте отансүйгіштікті арттыратын жаңа контент қалыптастыруды көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін тағы бір еске салды. Төл тарихымызды қайта жазып шығу мәселесі де көтерілді.

«Қазір әлемнің бірқатар елінде, жаһандық компанияларда біздің орнымызды басатын талантты жастарымыз еңбек етіп келеді. Ел ішінде де олардың қатары көп», - деді Президент.

Хабар 24 телеарнасы