Н.Нығматулин интеграциялық құрылымдарда Қазақстанның біркелкі өкілдігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин интеграциялық бірлестіктердің жұмыс органдарында Қазақстанның біркелкі өкілдік ету қағидатының сақталуына қатысты пікір білдірді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа ратификациялық түзетулерді қарау барысында депутаттар 10 жұмыс тобының ішінен түрлі бағыттар бойынша біріккен әріптестік шеңберінде тек біреуін қазақстандық тарап, ал 9-ын Ресей өкілдері басқаратынына назар аударды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл мәселенің Қазақстанның мүддесін қорғау үшін маңыздылығын айтып, депутаттар барлық парламенттік интеграциялық бірлестіктердегі жұмыс тәсілдерін өзгерту үшін көптеген шараларды қолға алып келе жатқанына назар аударды. Н.Нығматулиннің пікірінше, осындай қадамдарды жұмыс органдарында да жасау керек.

Ақпарат көзі: Мәжілістің баспасөз қызметі