Қазақстан СІМ-де Дүниежүзілік банкпен өзара әрекеттестіктің мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де Дүниежүзілік банкпен өзара әрекеттестіктің мәселелері талқыланды
ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өңірлік директор Лилия Бурунчук пен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоны қабылдады.

ҚР СІМ мәліметінше, кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары талқыланып, сондай-ақ қазақстандық экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған «реформалар матрицасын» әзірлеуді аяқтау мәселелері қарастырылды.

Министр сұхбаттасушыларды коронавирус пандемиясының салдарын еңсеру жөніндегі Үкіметтің шараларымен таныстырды. Ол Дүниежүзілік банк басшылығына COVID-19-ға қарсы күресте көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық бағыттар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.