Өзбек тарапының бастамасымен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбаттасушылар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ жоғары және аса жоғарғы деңгейдегі кездесулердің кестесін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.