419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан және АҚШ коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

  • 120
  • UPD: 16:43, 11.02.2021
Қазақстан және АҚШ коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда ҚР СІМ

Коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жүргізу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Джонс Хопкинс атындағы Медициналық зерттеу орталығының профессорларымен отандық медицина өкілдерінің қатысуымен онлайн вебинар өтті.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов өз сөзінде ғаламдық індетке қарсы күресте екі ел арасындағы серіктестіктің маңызын атап өтіп, Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының Өңірлік хабымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың шеңберінде ақпарат алмасудың өзектілігін айтты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай және қабылданған шаралар, сондай-ақ Қазақстанның індетке қарсы QazCovid-in вакцинасының өндірісі және өнінде ақпарат берді.

Өз кезегінде Джонс Хопкинс атындағы Халықаралық медициналық зерттеулер орталығының президенті Доктор Чарльз Винер бастаған медицина қызметкерлері әлемдік індетке қарсы күрес тәжірибесімен бөлісіп, «Стационар жағдайында СOVID-19 емдеу алгоритмі», «Интенсивті терапия бөліміндегі COVID-19 емдеу алгоритмі» және «COVID-19 емдеу алгоритмі: ұйымдастырушылық ерекшеліктері» атты тақырыптарға баяндама жасады.

Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан осы пандемиямен тікелей күресіп отырған медицина саласындағы құзыретті қызметкерлер қатысып, қажетті сұрақтарына жауап алды.

Джонс Хопкинс атындағы америкалық емдеу клиникасы 1889 жылы негізі қаланған әлемдегі ең ірі, заманауи медициналық орталықтардың бірі және коронавирус індетімен күресте жетекші орынға ие мекеме.

Хабар 24 телеарнасы