Аида Балаева Украина елшісімен кездесті

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевскиймен кездесті.

Шара барысында министрліктің жетекшілік ететін бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлады АҚДМ баспасөз қызметі.