427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М.Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

  • 197
  • UPD: 21:08, 16.02.2021
А.Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М.Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті. 

Тараптар сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, ғарыш салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және ЕАЭО шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларға, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы жөніндегі Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Хабар 24 телеарнасы