419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СІМ Сирия бойынша XV халықаралық кездесудің қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады

  • 143
  • UPD: 15:04, 18.02.2021
СІМ Сирия бойынша XV халықаралық кездесудің қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы XV халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«2021 жылдың 16-17 ақпанында Сочиде өткен Астана процесінің кепілгер елдері Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ БҰҰ бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары 2021 жылы жоспарланған президенттік сайлау алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды.

Осыған байланысты Қазақстан Астана процесінің қағидаттарын берік ұстанады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы