425,13 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қ.Тоқаев: Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы жоғары деңгейде

  • 587
  • UPD: 19:30, 18.02.2021

«Әлемдегі күрделі жағдайға және пандемияға қарамастан Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасы жоғары деңгейде. Екі ел қазіргі сын-қатерлерге орнықты төтеп беріп келеді».

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға жұмыс сапарымен келген Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдауында осылай деді. Кездесу барысында министр Өзбекстан көшбасшысының Ташкент қаласында «Орталық Азия және Оңтүстік Азия: өңірлік өзара байланыстар. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференция өткізу туралы бастамасына қолдау білдіру туралы өтінішін жеткізді. Сонымен қатар берік достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы және оны әрі қарай нығайтудың жолдары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевқа зор денсаулық және бақ-береке тілеген сәлемін жолдап, Өзбекстан Президенті эпидемиялық ахуал жақсарғаннан кейін Қазақстанға сапармен келетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы берік достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы және оны әрі қарай нығайтудың перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі жағдайға және пандемияға қарамастан екі елдің қарым-қатынастары жоғары деңгейде екенін, қазіргі сын-қатерлерге орнықты төтеп беріп отырғанын айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевқа зор денсаулық және бақ-береке тілеген сәлемін жолдап, Өзбекстан Президенті эпидемиялық ахуал жақсарғаннан кейін Қазақстанға сапармен келетініне сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы