Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлері келіссөздер өткізді

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапармен келген Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізді.

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарды және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестікті тереңдетудегі өзара ықыласын растады. Олар аса жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстардың одан әрі кеңейту маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ тараптар кездесуде 2021 жылдың бірінші жартысында жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.