417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб жұмысын бастады

  • 57
  • UPD: 12:40, 19.02.2021
Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб жұмысын бастады

Мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің бірінші басшылары «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының әр тармағын іске асыруға жауапты болады.

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов аталған Жол картасын жүзеге асыру үшін штаб мүшелерінің үйлестірілген жұмысы қажет екенін атап өтті, деп жазды primeminister.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Жол картасында сайлау алдындағы бағдарламаны іске асырудың 362 тармағы бар. Бағдарламаның әр бағыты «Қазақстандық отбасылардың әл-ауқаты», «Табысты әйелдер», «Аға буын өкілдеріне қамқорлық», «Ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға қолдау», «Сенімді жұмыс орындары», «Гүлденген ауыл», «Халыққа қызмет ететін мемлекет», «Әділетті құқық қорғау жүйесі» және өзге де мақсатты шаралардың әр қайсысына жауапты мемлекеттік орган бекітіліп, жыл, сала және аймақ бойынша бөлінеді.

Штабтың жұмыс органы және Жол картасының жүзеге асуын бақылауға жауапты болып ҚР Ұлттық экономика министрлігі белгіленді. Штабтың жұмыс алгоритмі талқыланып, партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асырудың негізгі мәселелері пысықталды.

Жол картасын іске асыру бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен сапалы штаб құрамы жасақталды.

Бүгінгі күні орталық мемлекеттік органдарда 26 салалық жобалық топ, ал әкімдіктерде 17 аймақтық жобалық топ құрылды.

«Жол картасында әр қазақстандықтың мүддесі ескерілген. Сондықтан құжаттың әр тармағын сапалы орындау өте маңызды», – деді Ә.Смайылов. 

Хабар 24 телеарнасы