Астанада келер жылы АӨСШК саммиті өтеді

Келесі жылы елде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммиті өтеді.

Бұл туралы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілдерінің халықаралық онлайн конференциясында сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты. Бұл он жыл бұрын Елордада өткен саммиттен кейінгі екінші кездесу. Бүгінде ауқымды ұйымға Еуропа, Азия және АҚШ-тағы 57 мемлекет мүше. Барлығы да Астана декларациясы аясында саяси қорғаныс, гуманитарлық және экономикалық байланыс орнатып, түйткілдерді шешуге күш салып жатыр. Ендігі мақсат Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі арасында диалог орнату. Бүгінде Қазақстан аталған кеңеске төрағалық етіп отыр.

Мұхтар Тлеуберді, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрі:

- ЕҚЫҰ шеңберінде Қазақстанның қосып жатқан үлесі өте мол. Біріншіден Қазақстанымыз ядролық қарусыздандыру процесіне үлес қосуда. Оның үстіне жаһандық диалог салуына әсер етіп жатыр.

Сондай-ақ...