Қазақ тілінде жарнама жазу туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі

Көрнекі ақпарат құралдарында қазақ тіліндегі мәтіндердің сапасы төмен. Былтыр азаматтарымыз осыған қатысты 3 жарым мың шағым түсірді.

Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Парламент қабырғасында мәлімдеді.

Айтуынша, көптеген баннерлер мен жарнама тақталарында тіл туралы заңның талаптары орындалмайтынын алға тартады. Осы орайда жауапты ведомство заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді көздеп, Мәжіліс қарауына ұсынды. Құжатта мәтінді орфография нормаларына сай жазу, оның түпнұсқа аудармасы мен мағынасын сақтау нормалары қарастырылған.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылым барысында мақұлдады.