432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті

  • 138
  • UPD: 15:58, 24.02.2021
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Бүгін ақпараттық және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар министрлік жетекшілік ететін салалардағы сұрақтарды сөз етті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министр ақпараттық саясат, ақпаратқа қол жетімділік және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік шаралар туралы айтты. Мәселен, Аида Балаева қоғаммен кері байланысты одан ары жақсарту мақсатында Министрліктің стратегиялық сессиялары қазір еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатқанын атап өтті.

Сума Чакрабарти ел ішіндегі ақпараттық саясатты жүргізудегі ерекшеліктер мен Қазақстанды шетелде брендтеу сұрақтарына қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында Аида Балаева мен Сума Чакрабарти бірлескен жұмыстың барлық сұрақтары бойынша тұрақты диалог жүргізіп отыруға келісті.

Хабар 24 телеарнасы