Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары тағайындалды

Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», - делінген.