Мемлекет басшысы: Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды институтқа айналдыратын кез келді

Аймақтардың әлеуетін арттыру мақсатымен кезінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылды. Мұндай құрылымдар қазір барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында мәлімдеді.

«Енді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды институтқа айналдыратын кез келді. Өңірлік корпорациялардың жұмысы қоғамның ашық әрі толық бақылауында болуға тиіс. Құзыретіне жатпайтын және маңызы төмен активтерді оның қарамағынан алып тастаған жөн.

Жалпы, осы корпорациялардың қызметін үйлестіру үшін ауқымды жұмыс жүргізу қажет. Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігінің аталған мәселеге қатысты құзыретін күшейту керек», – деді Президент.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Президент медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажеттігін айтты

Барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдері түбегейлі жеңілдетілмек

Аудан әкімдерінің тікелей сайлауы 2024 жылы өткізілуі мүмкін

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі жоспарын әзірлеу тапсырылды

Құмарпаздарды ойынға тартқан заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс – Президент

Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге тыйым салынады