431,11 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Артур Платонов Nur Otan-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болды

  • 126
  • UPD: 11:58, 26.02.2021
Артур Платонов Nur Otan-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болды

Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Артур Платонов «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек twitter парақшасында жазды.

«Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. 

Мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған комитеттің бұрынғы басшысы Павел Олегович Казанцевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтамын», - деп жазды.

Хабар 24 телеарнасы