Елбасы Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор денсаулық пен бауырлас Түркия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Түркия Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, оның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Құрметті төрағасы ретіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Соңында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастардың даму қарқынына жоғары баға берді.