429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Д.Рогозинмен кездесті

  • 203
  • UPD: 15:53, 01.03.2021
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Д.Рогозинмен кездесті

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады.

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту және орташа шешімдегі Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады primeminister.kz.

«Бәйтерек» бірлескен ғарыштық зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

Хабар 24 телеарнасы