Нұрлан Нығматулин Қырғызстан президентімен кездесті

Бүгін Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың келіссөздерінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру екі елдің стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықтың, оның ішінде парламентаралық қатынастың жаңа деңгейіне шығуына ықпал ететін болады.

Бұл туралы бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қырғыз Президентімен Мәжілістегі кездесу барысында айтты. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өз кезегінде бауырлас қырғыз және Қазақстан халықтарын байланыстыратын өзара туыстық және достық құндықтарды нығайтуға ниет білдірді. Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы тарихи рөлін жоғары бағалайтынын жеткізді.