Қ.Тоқаев іскер әйелдердің қатысуымен өткен конференцияға бейнеүндеу жолдады

Елде кәсіпкерлікпен айналысып жатқан әйелдердің үлесі 43 проценттен асты. Іскер әйелдер бас қосқан жиында Президент осылай деді.

Қазір қыз-келіншектер білім беру саласында, медицинада, жылжымайтын мүлік нарығында табанды еңбек етіп жатыр. Әйелдер басқаратын кәсіпорындарда ұзын-ырғасы 1 млн астам адам жұмыс істейді. Мемлекет басшысы бизнеске барғысы келетін әйелдерді әлі де қолдау керек деді. Ол үшін өңірлерде арнайы ресурстық орталықтар ашылды. Ұлттық экономика министрлігі, кәсіпкерлер палатасы және Президент жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бірлесіп, үш жақты меморандумға қол қойды.